Официальный канал телеканала ХАБАР / ХАБАР телеарнасы
Жаңалықтар, ақпараттық-талдау бағдарламалары. Қазақстан мен әлемнің соңғы жаңалықтары, саясат, экономика, бизнес, валюта айырбастау бағамдары, мәдениет, технологиялар, спорт, сұхбат, арнайы репортаждар, оқиғалар және тағы басқалар. Арнаға жазылып, ең соңғы ақпаратқа қол жеткізіңіз!
Новости, информационно-аналитические программы. Последние новости Казахстана и мира, политика, экономика, бизнес, курсы валют, культура, технологии, спорт, интервью, специальные репортажи, происшествия и многое другое.
Подписывайтесь на канал и будьте в курсе самой актуальной информации!
Байланыс|Контакты: +7 (7172) 757 545
Khabar NEWS
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінен
13 hours ago | [YT] | 130
View 15 replies
Khabar NEWS
🌡️☀️ Қызылорда облысында ауа температурасы +45°C-қа, Түркістанда +43°C-қа, ал Шымкентте +41°C-қа дейін көтеріледі.
Ал еліміздің батысы мен солтүстігінің кей өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
‼️ Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге және күннен қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.
#ауарайы #қазгидромет #sunny #Қазақстан
3 days ago | [YT] | 189
View 8 replies
Khabar NEWS
Кто за нами следит в интернете?
Каждый день мы оставляем цифровой след — используем приложения, подключаемся к общественному Wi-Fi, общаемся с чат-ботами и делимся своей геолокацией. Но насколько это безопасно?
Смотрите новый выпуск подкаста «Контекст» 12 июля в 20:00 на Khabar NEWS https://youtu.be/cmLaWRuuoWg?si=VpO9z...
4 days ago | [YT] | 50
View 0 replies
Khabar NEWS
🩺 «Нейрохирург болмасам, сынықшы болар едім…»
Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, академик, белгілі нейрохирург Серік Ақшолақов «Хабар» арнасының YouTube желісіндегі Azamat LIVE подкастында бала күнгі арманы мен мамандыққа келу жолы туралы сыр шертті.
Бала кезінде ол нағашы атасы сияқты ортопед-травматолог болып, адамдарға көмектесуді армандаған. Кейін тағдыр оны нейрохирургия саласына алып келді.
💬 «Дәрігер болып туу міндет емес. Нағыз маман үздіксіз еңбекпен, біліммен, талпыныспен және адамгершілікпен қалыптасады», – дейді академик.
Подкастта Серік Ақшолақов бала күнгі арманы, дәрігерлік жолы, медицинадағы жаңа технологиялар және болашақ жас мамандардың мүмкіндіктері туралы ой бөліседі.
▶️ Толық шығарылымды Khabar News YouTube арнасынан көре аласыздар
#Азаматлайф #СерікАқшолақов #Azamatlive #медицина #подкаст
6 days ago | [YT] | 300
View 1 reply
Khabar NEWS
🌡️ Синоптиктердің болжамынша, шілде айында Шымкентте сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтеріледі.
🦁 Аптап ыстыққа байланысты Шымкент зообағында жануарлардың күтіміне өзгерістер енгізілді. Аң-құстың мәзіріне жеміс балмұздақтары, қауын мен қарбыз қосылды. Сонымен қатар, бассейндердің суы жиі жаңартылып, арнайы су бүрку жүйесі іске қосылды. Ал ыстыққа төзімсіз тау жыртқыштары үшін қоршауларға салқындатқыштар орнатылды.
🚑 Сонымен қатар, аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
#Шымкент #АптапЫстық #АуаРайы #Зообақ #Қазақстан
6 days ago | [YT] | 204
View 12 replies
Khabar NEWS
Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында TezJet ұшағы апатқа ұшырады
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың артқы шассиі істен шығып, әуе кемесі сол қанатына еңкейіп, ұшу-қону жолағына құлаған. Оқиға салдарынан авиаотын төгілген. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.
«Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 181 жолаушы (152 ересек, 11 жасөспірім және 18 бала) мен алты экипаж мүшесі болған.
Барлық жолаушы жедел эвакуацияланды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан ауыр жарақат алғандар жоқ.
#Бішкек #МанасӘуежайы #ҰшақАпаты #Қырғызстан #Жаңалықтар
1 week ago | [YT] | 150
View 5 replies
Khabar NEWS
⚡️ ТҰСАУКЕСЕР!
«Халық таңдауы» – қоғамдағы өзекті мәселелер мен маңызды саяси өзгерістер ашық талқыланатын жаңа жоба.
Бағдарламада Конституцияның негізгі қағидаттары, еліміздегі саяси үдерістер және көпшілікті толғандыратын өзекті мәселелер жан-жақты сараланады. Ең бастысы – көрермен тікелей эфирге хабарласып, көкейдегі сауалдарын қойып, мамандардың жауабын ала алады.
🎙️ Эфир жүргізушілері – Мөлдір Доспаева мен Сағыныш Әбікей.
📌 «Халық таңдауы» бағдарламасын әр дүйсенбі мен бейсенбі сағат 15:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер!
#Хабар #Халықтаңдауы #Конституция #қоғам #жаңаКонституция
1 week ago | [YT] | 112
View 3 replies
Khabar NEWS
Төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған тәуелсіздігіміздің айбынды символы, елдігіміздің тірегі әрі жүрегі – Астана күні құтты болсын!🎉
Елордамыздың еңсесі биіктеп, мерейі үстем болғай! Астанамыз әрдайым өсіп-өркендеудің, бірлік пен жасампаздықтың, асқақ арман мен жарқын болашақтың мекені болып қала берсін!✨
#Хабар #Астанакүні #Елорда #атаулыкүн
1 week ago | [YT] | 382
View 12 replies
Khabar NEWS
https://youtu.be/XmcVeiwb07g
1 week ago | [YT] | 6
View 0 replies
Khabar NEWS
🎉Астана күніне орай елордада 200-ден астам мерекелік іс-шара өтеді
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астындағы концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстар, көрмелер және отбасылық ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
📍 Мерекелік іс-шаралар елорданың түрлі алаңдарында өтеді.
#астанакүні #концерт #openair #фестиваль #кудапойтиастана
2 weeks ago | [YT] | 410
View 5 replies
Load more