KinoShowKZ — кино әлеміндегі ең қызықты туындылар мен құпияларға арналған арна!

Сен бұл жерде мынадай қызықты дүниелерді таба аласың:
🎥 Marvel және DC әлемінің ең соңғы жаңалықтары;
🕷 Өрмекші-адам, Бэтмен және басқа да суперқаһармандар туралы ерекше деректер;
🍿 «Трансформерлер», «Гарри Поттер» және «Жүзіктер Әміршісі» сияқты аңыз фильмдердің мазмұны мен талдаулары;
🔥 Mortal Kombat және танымал мультфильмдер әлеміне шолу.

Бізбен бірге киноның білмеген сырларын ашып, сүйікті кейіпкерлерің туралы көбірек біл!

Тіркелуді ұмытпа, алда әлі көптеген қызықтар бар!

Бизнес ұсыныстар, жарнама, ынтымақтастық және шағымдар бойынша:
📧 kinoshowkz.official@gmail.com


KinoShowKZ

Қайырлы күн, достар 👋🔥

«Фонари» сериалының жаңа постерлері мен жаңартылған логотипі шықты 👀💚

Сериалдың премьерасы 16 тамызға жоспарланған 🎬

Сол уақытқа дейін мен сендерге Фонарлар (Шырақшылар) кімдер екенін, олардың қандай қабілеттері барын және комикстердегі тарихын жеке видео ретінде айтып берсем деп отырмын ⚡️
Егер сондай видео көргілерің келсе, онда комментарийге жазып, реакцияны көбірек қалдырыңдар 👇🔥

11 hours ago | [YT] | 22

KinoShowKZ

"СУПЕРГЕРЛ" фильмін тамашалап болдым. Өз ойымды жазып кетейін фильм туралы!

Өзім DC комикстерінің нағыз фанаты ретінде олардың қараңғы, мрачный стилін қатты жақсы көремін. Бірақ, өкінішке орай, бұл фильм маған сол атмосфераны бере алмады, тым жеңіл-желпі әрі қарапайым ойын-сауыққа айналып кеткендей.

Жалпы фильм туралы айтатын болсам: фильмнен қатты жиіркендім деп айта алмаймын, бірақ шедевр деген атауға мүлдем лайық емес. Бұл бір рет көруге жарайтын, бірақ есіңде ұзақ сақталмайтын, DC-дің стандартты ортақол дүниесі. Фильмді кішкене болсын құтқарып тұрған және оған ерекшелік беріп тұрған жалғыз нәрсе, Милли Олкок пен Джейсон Момоаның дуэті.
Фильмнің тең жартысында дерлік ештеңе болмайды. Сюжет бізді кейіпкерлермен жайлап таныстырады, олардың қарым-қатынасын, флешбэктерді және ешқандай эмоция тудырмайтын мағынасыз диалогтарды көрсетеді.

Жалпы, бұл фильмдегі негізгі мақсат, Крипто есімді итті құтқару. Ал қыздың ата-анасы үшін кек алу мәселесі тез арада екінші планға сырғып кетеді. Итпен байланысты мотивацияны алып тастасаңыз, фильмнің сюжеттік негізі өте әлсіз.
Ал ата-анасының кегін басты антагонист Кремнен алғысы келіп жұлқынған қыз (Рути) өзін мүлдем көрсете алмады. Нақты әрекет етудің орнына тоқтаусыз жылай бергені оның жалғыз «ерекшелігіне» айналды. Шынымды айтсам, Рути мен Супергерлдің арасынан ешқандай химия байқамадым. Бірде-бір эпизод менің сезіміме әсер етіп, терең ойға қалдырған жоқ. Фильмнің басым бөлігі көңілімді қалдырды, тек Лобо қатысатын сценалар ғана кішкене болсын ішімді пыстырмады. Момоа Лобоның образын өте сенімді сомдап, бұрынғы Аквамен амплуасынан толықтай арыла алған. Бұл жігіт болашақта DC-де өзінің жеке фильмін алады деп үміттенемін!

Басты зұлымға (Кремге) келер болсақ, оның фильмде бар-жоғы мүлдем білінбеді. Зұлым ретінде де, кейіпкер ретінде де ешқандай із қалдырмады және титтей де эмоция тудырмады. Лобо мен Супергерл сияқты мықты фигуралар тұрғанда, мұндай түсініксіз, бұлыңғыр көлеңкенің орнына есте қаларлықтай қарсылас таңдау әлдеқайда орынды болар еді.

Қорытындылай келе, фильм менде жиіркеніш тудырмады, бірақ қатты қызығушылық та оятпады. Басынан үлкен үміт күтпеген едім, тек киноғаламның толық картинасын түсіну үшін көруді жөн санадым. Қатты сынамаймын, бірақ көруге кеңес те бермеймін. Егер сіз Ганн ғаламының немесе осы кейіпкердің фанаты болсаңыз, жалпы оқиға желісін түсіну үшін көріп шығуыңызға болады. Бірақ өткізіп алсаңыз, үлкен шығынға ұшырамайсыз. Ешқандай уау дейтіндей әсер жоқ, қарапайым фильм, тек соңғы минуттарында ғана динамикалық түрде өтеді. Бұл әдемі экшнмен рахаттануға мүмкіндік бергенімен, жалпы әсерді бәрібір құтқарып қала алмайды!

Бағалауым - 5/10.

3 days ago | [YT] | 38

KinoShowKZ

Лионель Месси «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмінің жаңа жарнамасына түсті 👀🔥

Сонымен, ресми түрде Өрмекші-адам Лионель Мессидің фанаты болып шықты ма? 👀⚽

Қалай болғанда да, Өрмекші-адам мен Мессиді бір роликтен көру өте ерекше болды ⚡🍿

Ролик біздің телеграм KinoShowKZ: ГИКТЕР ӘЛЕМІ 🇰🇿 - салып қойдым, сілтеме: t.me/KinoShowKZ_GeeK

1 week ago | [YT] | 66

KinoShowKZ

Инсайдер DanielRPK желіге «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмінің толық нұсқасы тарап кетті деген ақпаратты жоққа шығарды 👀🕷🔥

Оның айтуынша, интернетке тек трейлерлер мен фильмнің кейбір үзінділері ғана шыққан 😳🎬

Сондықтан «бізде толық фильмнің сливі бар» деп ақша сұрап жүрген адамдарға сенбеңіздер ⚠️

Ақшаларыңызды желге шашпаңыздар, достар. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде, соның ішінде Қазақстанда да, жоқ нәрсені сатып пайда көргісі келетіндер жетерлік 😅

Ресми релизді күткен әлдеқайда дұрыс 👀🍿

Айтпақшы, бүгін Бустиде, сосын бір екі күннен кейін ютуб аранмызға Қараңғы Әмірші туралы видео шығады) Толық тарихы, кім екенін білетіндер болса жарайсыздар, әзірше білмей отырғандар болса видео шыққанда білесіздер))

3 weeks ago | [YT] | 97

KinoShowKZ

🍿 «Өрмекші-Нуар» сериалын толық стрим жасап Сіз бен Біз көріп шықтық барлық сериясын толықтай, енді сол сериал туралы пікір:


Бұл сериал ең алдымен өзінің визуалымен және атмосферасымен баурап алады. 1930 жылдардағы Нью-Йорк стилі, сол дәуірге жасалған сілтемелер және ақ-қара формат нуарлық детектив атмосферасын керемет жеткізген. Әсіресе ақ-қара нұсқада көру сериалдың қараңғы, жұмбақ әлеміне толық енуге мүмкіндік береді.

Бірақ егер сіз бұл жерден классикалық суперқаһармандық экшен күтсеңіз, көңіліңіз сәл қалуы мүмкін. Сериалда экшен аз, есесіне детектив, шиеленіс, қараңғылық пен психологиялық қысым көп. Соған қарамастан сюжет қызықты, ал Николас Кейдждің ойыны сериалды бір сәт те жалықтырмайды.

Кейдж сомдаған Бен Рейли сериалдың басты күші деуге болады. Харизмасы бар, шаршаған өмірдің ізі байқалатын, сәл оғаштау кейіпкердің біртіндеп Нуар-Өрмекшіге айналуы өте сәтті көрсетілген.

Әрине, сериал мінсіз емес. Кей тұстарда оқиға баяулап кетеді, ал кей эпизодтар арзан түсірілгендей әсер қалдырады. Алғашқы төрт бөлім баяу өрбиді, бірақ бесінші сериядан бастап оқиға қарқын алып, күшті финалға жеткізеді. Әсіресе 5-6 эпизодтардағы қорқынышты әрі ауыр атмосфера ерекше есте қалады.

Тағы бір әлсіз тұсы экшеннің аздығы. Кейбір төбелес сахналары тым қойылым сияқты көрінеді, эмоциясы да жетіспейді. Авторлар көбірек диалогтарға, кейіпкерлердің дамуына және детектив желісіне назар аударған.

Жалпы алғанда, егер сіз классикалық нуар стилін, детективтік оқиғаларды ұнатсаңыз бұл сериал сізге міндетті түрде ұнайды. Бірақ мұнда кәдімгі Marvel суперқаһармандық формуланы күтпеген дұрыс. Жоба өз жолымен жүріп, трендке емес, ерекше атмосфера мен детектив жанрына ставка жасағаны қуантады.


⭐️ Менім бағам: 9/10 міндетті түрде қара-ақ түсте көрген дұрыс!

1 month ago | [YT] | 103

KinoShowKZ

🔥 «Пацандар» (The Boys) 5-маусым финалы

Құрметті оқырмандар, біз (стримде) жаңа ғана «Пацандардың» соңғы маусымының финалын көріп біттім. Стрим қарағыларыңыз келсе (телеграм жазылып қойыңыз сонда ссылка жіберіп отырамын болатын уақытта, бірге фильм немесе сериал қараймыз t.me/KinoShowKZ_news)
Шынымды айтсам, ішімдегі эмоцияны сіздермен бөліспесем болмайтын сияқты. Көрмегендер үшін бірден ескертемін: пост толықтай спойлерсіз, басты твисттерді ашпаймын, сондықтан қорықпай оқи беріңіздер.
Егер қысқа қайыратын болсам: мен мүлдем бұндайды күтпедім және финал маған ұнамады.
Көпшілігіміз бұл маусымнан мықты экшен, қанды қақтығыстар мен логикалық нүкте күттік емес пе? Бірақ оның орнына не алдық?

Іш пыстырарлық диалогтар:
Жалпы 5-маусым еш қисынсыз бос әңгімелерге толып кеткен. Керек емес сюжеттік линиялар мен ұзақ-сонар диалогтар сериалдың басты фишкасы динамиканы өлтіріп тастаған.

Экшеннің жоқтығы:
Финалда экшен жоқ деп смело айтуға болады. Ең бастысы, біз бірнеше жыл бойы күткен финалдық Хоумлендер төбелесінің өзі 5 минутқа жетер-жетпес уақыт қана болды. Бұл не мазақ?

Зұлымның құлауы:
Барлық маусым бойы көрерменді қорқытып, үркітіп, мысымен басып келген басты зұлым кейіпкеріміздің финалда балаша жылағаны мүлдем ақылға сыймайды. Оның ұлылығы мен қорқынышты аурасын көрсетіп, мықты өліммен, қатты шайқаспен аяқтау керек еді?

Эмоциясыз өлімдер: Сериалдағы кейіпкерлердің өлімі көрерменге ешқандай эмоция сыйламайды. Өлді ме, өлді, келесі кадрға өтейік дегендей өте салқын әрі әсерсіз түсірілген.

Комикспен салыстырсақ...
Комиксті оқығандар мені жақсы түсінеді. Түпнұсқада бәрі керемет, ешкім күтпеген твистпен аяқталып еді. Қара Нуардың әрекеті, оның шын мәнінде кім болып шыққаны комиксте нағыз "УАУ" эффектісін берген болатын. Ал сериалда ше? Ондайдың иісі де шықпайды. Авторлар бәрін өзгертті, жақсы түсіндім, бірақ мықты оқиғамен аяқтау керек еді, жоқ орнына, оқиғаны кәдімгі созылған сабын операсына айналдырып жіберген.

Қорытынды:
Қараңғы сатира мен жынды экшеннің эталоны болған сериалдың осындай бос әрі арзан драмамен аяқталғаны өте өкінішті. Үміт ақталмады.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Көріп үлгергендер болса, пікірге жазыңыздар, талқылайық! 👇

1 month ago | [YT] | 78

KinoShowKZ

Достар, Марвел тарихындағы ең ауқымды, ең терең кейіпкер туралы видео шықты! 🔥

Бұл жолы біз жай ғана кезекті зұлымды емес, бүкіл Көпғаламды дірілдеткен ұлы тұлғаны талдадық. Ол Таностың жұлынын жұлып алған, Галактустың құдіретін тартып алған және сиқыр мен ғылымды тең дәрежеде меңгерген жалғыз кейіпкер. Оның маскасының артында қандай трагедия жатыр? Ол шынымен қатыгез тиран ба, әлде адамзаттың жалғыз құтқарушысы ма?

Оның атын әзірге құпия сақтайын, бірақ нағыз комикс оқырмандары кім туралы сөз болып жатқанын бірден түсінген шығар! 😉

Бұл шедевр қазірдің өзінде біздің арнаның қаржылай қолдаушылары үшін Boosty-де қолжетімді! Арнаны қолдап, видеоны ең бірінші болып көргіңіз келсе, төмендегі сілтемеге өтіңіз:

👉 boosty.to/kinoshowkz

Ал YouTube желісіне, бұл видео 1-2 күнде шығатын болады. Күтіңіздер, бұл жай ғана видео емес, нағыз кино болды! Пікірге жаза кетіңіздер, қалай ойлайсыздар, кім туралы видео жасадым? 🎬👇

1 month ago | [YT] | 40

KinoShowKZ

Бүгін Бусти арнамызда Пацаны 5 маусымының, 7 сериясын қарадық. Енді соңғы сериясы қалды, 8 серия Финал соңғы сериясы 20 мамырда шығады. Ең соңғы шайқас қалай болатынын көреміз, әзірше сөздеп көп болып кетті сериалдарда 5-6 серия созылып кеткен сөздермен, экшен өте аз. Енді соңғы серия қалай өзін көрсетеді екен. Айтпақшы, мына серияда бүгінгі көрген, жиеркенішті жері қалай өтті? Мысық болып бұтын жалайтын))
Алдағы уақытта қолым босап жатса, мүмкін Фантастикалық құбыжықтар 3 фильмін, Дамблдор мен Гриндевальд соңғы шайқасын сол жақтан бірге қараумыз мүмкін толықтай, сілтеме стрим басталарда телеграмм жіберемін.

1 month ago | [YT] | 30

KinoShowKZ

Баршаңызға сәлем, достар! 🎬

Көптеген көрермендер «Гарри Поттердің барлық бөлімі туралы видео қайда?» деп сұрап жатқандықтан, түсіндіре кетейін.

Гарри Поттердің бүкіл тарихын мазмұндаған, еш жері қысқартылмаған 2,5 сағаттық эксклюзивті видео қазір менің Boosty арнамда тұр. Оны кез келген уақытта кедергісіз тамашалай аласыздар. 🧙‍♂️✨

Неге Boosty-ге жазылу тиімді?

Эксклюзив: Алдағы уақытта Марвелдің үшінші фазасына арналған дәл осындай 2,5 сағаттық үлкен шолу тек осы платформада шығады.

Ыңғайлылық: Boosty-ді телефондағы қосымша (app) немесе компьютер арқылы көруге болады. Видео қатып қалмайды. Ұйықтар алдында қосып қойып жатуға болады күшті)

Жарнамасыз: Ешқандай жарнама мазаңызды алмайды, тек таза контент. 🍿

Жазылу құны небәрі 500 теңге. Сапалы контентті қолдап, біздің қатарға қосылыңыздар!

🔗 Сілтеме: boosty.to/kinoshowkz

1 month ago | [YT] | 46

KinoShowKZ

Сәлем, кино сүйер қауым және KinoShowKZ Магнаттары! 🎬✨

Алдағы үлкен премьераға дайынсыздар ма? Біздің «Фантастикалық құбыжықтар 2: Грин-де-Вальдтың қылмыстары» фильміне жасаған өте ауқымды, толық талдауымыз дайын! Видео YouTube арнамызда небәрі 1-2 күннің ішінде жарық көреді! 🔥

Бұл шығарылымда біз тек сюжетті баяндап қоймаймыз, көпшілігіңіз түсінбей қалған ең күрделі сұрақтардың басын ашатын боламыз:
🐍 Волан-де-Морттың атақты жыланы Нагайна неліктен бұл фильмде сұлу қыз бейнесінде? Оның бойындағы қорқынышты Маледиктус қарғысы дегеніміз не?
🔮 Фильмде әлсіз, кәрі шал болып көрінген Николас Фламель кітаптарда неліктен тарихтағы ең ұлы сиқыршылардың бірі саналады?
⚡ Және ең бастысы — фильм соңындағы миды жаратын твист: Криденс шынымен Дамблдор ма?

Бұл сұрақтардың барлық жауабын осы видеодан табасыздар!

🚀 АЛ ЕГЕР КҮТКІҢІЗ КЕЛМЕСЕ...
Видеоны YouTube-қа шықпай тұрып, ең бірінші болып, ешқандай жарнамасыз ертерек көргісі келетін нағыз фанаттар үшін — шығарылым қазірдің өзінде Boosty парақшамызға жүктеліп тұр!

👇 Дәл қазір мына сілтеме арқылы өтіп, тамашалай берсеңіздер болады:
🔗 boosty.to/kinoshowkz/posts/f914234e-91ab-419e-98fc…

Дайын болыңыздар, алда Ұлы Сиқырлы Соғыс күтіп тұр! 🪄✨

2 months ago | [YT] | 57