Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Қазақстанның ұлттық телевизиялық каналы / "Qazaqstan" телеарнасы / Қазақстан ТВ / Қазақстан TV / Казахстан ТВ)
Qazaqstan TV – қазақстандық Youtube-тың жетекші телеарнасы. Әзіл, музыка, ойын-сауық, телехикаялар мен қазақстандық шоу – жазылыңыз, достарыңызбен бөлісіңіз! Біздің @qazaqstantv Instagram-аккаунтында байқауларға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыз!

t.me/qazaqstantv

Национальный телевизионный канал Казахстана / телеканал "Qazaqstan" / "Qazaqstan" телеарнасы (телеканал Казакстан/ телеканал Казахстан/ Казакстан арна /Казахстан ТВ / Қазақстан ТВ / Қазақстан TV / Казахстан)
Qazaqstan TV - ведущий телеканал казахстанского Youtube. Юмор, музыка, развлечения, сериалы и шоу Казахстана - подписывайтесь и делитесь с друзьями! Участвуйте в конкурсах в нашем Instagram-аккаунте @qazaqstantv и выигрывайте ценные призы!


Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

20 маусымнан бастап ЖОО-ларға ақылы негізде құжат қабылдау басталады

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен және мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжат тапсыра алады.

Ал мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткер талапкерлерден өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.

1 day ago | [YT] | 206

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Қазақстанның қай өңірінде электромобиль көп?

1 маусымдағы дерекке сәйкес 32 479 электромобиль есепке алынған. Бұл тіркелген барлық көлік құралдарының жалпы санының 0,5%-ын құрайды.

📍 Электромобильдер ең көп тіркелген өңірлер:

Алматы қаласы – 17 506;
Астана қаласы – 3 235;
Алматы облысы – 2 857;
Шымкент қаласы – 1 042.

1 day ago | [YT] | 148

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

ChatGPT Қазақстанға 1,8 млрд теңге салық төледі

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бірқатар шетелдік интернет-компаниялар салық міндеттемелерін толық орындамаған.

ChatGPT әзірлеушісі қосымша құн салығы бойынша 1,8 миллиард теңгені толық төлемеген. Компанияға қазақстандық салық органдарынан тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін берешек толық өтелді.

Сонымен қатар тағы 76 шетелдік интернет-платформа, оның ішінде AliExpress те салық міндеттемелерін орындаған.

1 day ago | [YT] | 241

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінен

2 days ago | [YT] | 664

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Президент бір топ медицина қызметкерін жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады

Бүгін Мемлекет басшысы отандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ медицина қызметкеріне жоғары мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойып, медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада сала мамандарын марапаттады.

2 days ago | [YT] | 373

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Елімізде жеті жылда 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды

Бұл туралы Президент медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада айтты. Сондай-ақ мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударатынын атап өтті.

«Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш.
Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды», - деді Мемлекет басшысы.

2 days ago | [YT] | 505

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Астана медицина университетіне «ұлттық» мәртебе берілді

«Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған «Астана медицина университеті» цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын», - деді Президент.

Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімі берілді.

2 days ago | [YT] | 88

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Ұлттық музейге «ұлттық» мәртебе берілді

✍️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне «ұлттық» мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл шешім елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу ісіне берілген ерекше мәннің көрінісі. Жаңа мәртебе музейдің Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі әрі еліміздің жетекші мәдени-ағартушылық орталығы екенін айқындай түседі.

«Ұлттық музейге берілген жаңа мәртебе еліміздегі музей ісінің одан әрі өркендеуіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жандануына, заманауи технологиялардың кеңінен енгізілуіне және Қазақстанның мәдени мұрасын ел ішінде де, халықаралық кеңістікте де кеңінен танытуға тың серпін береді деп сенемін», - деп жазды ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

📌Қазіргі таңда музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Мұнда көрме залдары, ғылыми кітапхана, реставрация шеберханалары мен зертханалар жұмыс істейді.

Жыл сайын музейге 600 мыңнан астам адам келеді. Сондай-ақ мұнда 400-ден астам маман еңбек етеді.

2 days ago | [YT] | 218

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Медеу Арынбаевтың «Бәрі есімде» атты шығармашылық кешін ұсынамыз

Сенбі ⏰12:25-те «Qazaqstan» телеарнасында!

2 days ago | [YT] | 209

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Катонқарағайда бірнеше жануар фототұзаққа түсіп қалды

Былтыр Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің алыс айналымдарына жабайы жануарларды бақылау мақсатында фототұзақтар орнатылған.

Биыл маусымда жүргізілген кезекті тексеру барысында фототұзақтарға қоңыр аю, құну, тау ешкілері және ақпан айында қасқырлар түскен.

3 days ago | [YT] | 1,794