Qazaq AIRAN — редакция Алматыда. Видеожурналистикамен айналысамыз. ЖӨНДІ ҚАЗАҚСТАН құрғымыз келеді.


Qazaq AIRAN

Барлығыңызға сәлем!
Соңғы екі апта бойы AIRAN, Qazaq AIRAN YouTube-арналарында үнсіздік орнады. Осы уақыт ішінде алаңдаған көрермендер мен әріптестерімізге бізде қиындықтар туындағанын және оларды шешуге тырысып жатқанымызды айттық. Бұл шынымен солай еді — 13 наурыз, жұма күні біз тікелей эфирлерді тоқтатып, жаңа видеолар жариялауды доғардық. Осы уақыт бойы жағдайды реттеуге тырыстық. Бірақ, өкінішке қарай, нәтиже болмады.

AIRAN MEDIA редакциясы өз жұмысын тоқтатады. Неге? Өйткені біз қазіргі қалыптасқан жағдайларда жұмысымызды жалғастыра алмаймыз. Төрт жыл бұрын, көрші елдер арасындағы соғыс пен Қаңтар оқиғасы басталған тұста, біз өзімізге бағыт-бағдар болған қағидаларды таңдадық. Біз сол ұстанымдардан айнымауға бар ниетімізбен тырыстық, бірақ өкінішке қарай, қазір бұл мүмкін болмай қалды.
Бірақ бұл трагедия емес. Жобалар пайда болады да, бір күні тоқтайды. AIRAN MEDIA — өте керемет жоба болды. Осы уақыт бойы бізді қолдаған адамдарға алғысымыз шексіз, әсіресе біз үшін әрдайым жанашыр болған жандарға. Әрине, бізге жазған, бізді іздеген көрермендерге де алғыс айтамыз.

AIRAN және Qazaq AIRAN арналарын үзбей қараған, жазылған, өз пікірлерін қалдырған барша көрермендерге алғыс айтамыз! Баршаңызды жақсы көреміз!

3 months ago | [YT] | 456

Qazaq AIRAN

Құрметті көрермен, бұл шығарылымда некесіз жүкті болғаны үшін, жақындары теріс айналған бойжеткеннің тағдырын көрсеттік. Жезқазғандық аруды сүйген жігіті неге алдып кетті? Әке-шешесі неге баладан туа сала бас тарт деді. Қиын сәтте жалғыз қалған жас анаға кім қолдау көрсетті? Материалды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады: https://www.youtube.com/watch?v=qFQny...

8 months ago | [YT] | 255

Qazaq AIRAN

Түркістан облысында 15 жасар қызға бала таптырған 71 жастағы қария кімнің туысы болып шықты? Назарбаев Тұңғыш президент мұражайына әлдене іздеп барған ба? Шығыс Қазақстан облысында ауылға ауыз су тартуға жұмсалуы тиіс қаржының қолды болуына қай депутаттың қатысы бар? Марат Сұлтанғазиевтің аудан тұрғындарымен кездесуі қандай дау тудырды, әкімді тек мұғалімдердің күтіп алатыны рас па? Қазақты «ұлтшыл» деп айыптаған петропавлдық қызға әлемжелідегі «әкпесі» не деп жауап берді? Қымбатшылық жалғаса бере ме, Бектеновтің есебі нені көрсетті? «Сорлы қазақ!», Алматыда сүрілген газон кімнің ашуына тиді? Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады.

https://youtu.be/WqbcZEkZMug

8 months ago | [YT] | 330

Qazaq AIRAN

Базар жағалап ашутас сатқан әйел мүгедек күйеуін қалай асырап отыр? Күндік табысы сол күннен артылмайтын отбасы ертеңін қалай елестеді? Алты балалы жас келіншек кімнің құжырасында өмір сүріп жатыр? 2x2 метрлік времянкаға 8 адам сиюы мүмкін бе? Шиеттей балалар не ішіп, не жейді? Жалғыз бөлмеде қазірден от жағатын келіншек қыс келсе, ненің күнін көрмек? Кедейшілікке қымбатшылық қосылғанда, әлеуметтік осал топтар қалай жан бағады? Бұл қоғамның қасіреті ме, биліктің осалдығы ма?
https://youtu.be/Qx4RyIiLNU4

8 months ago | [YT] | 428

Qazaq AIRAN

Қазақтарды «мамбет» деп, мұсылмандарды «шошқаға» теңеген қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға сот қандай шешім шығарады? Депутат Ринат Зайытов Ішкі Істер министріне қамаудағы журналист Д. Мұхаммедкәрім жайлы қандай сұрақ қойды? Ал, Бақытқан Базарбекке Ержан Сәденовтың түрінің қай жері ұнамай қалған? Сара Алпысқызы қазір қай қызының қолында? Шерзат ісі бойынша төрт куәгер қалайша жауапқа тартылмайтын болды? Сыры неде? Экс-депутат Руслан Берденовтің бұрынғы көмекшісі Асхат Қыстаубаев биліктегілердің артын ашып берді. Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады.
https://youtu.be/USa3u1VBgow

9 months ago | [YT] | 262

Qazaq AIRAN

1990 жылы Меккеден Назарбаеқа жайнамаз бен зәм-зәм суын әкелгенде, ол кісі не деп айтқан? Амантай қажыны 40 мәрте үйқамақта ұстаған кім? 55 жыл 1-ші қабатта тұратын Амантай қажының кімге өкпесі бар? Бабалары хан болған қажының неше тоқалы бар? 12 рет Мекке барған қажының негізгі табыс көзі қайдан келеді? Кезінде полигонның зағиптарына 100 млн ақшаны кімнен алып берген? 83 жастағы қажы ұл туатын әйел іздеп жүр. Таба ала ма? Сұхбат ұнаса, лайк басыңыздар, Qazaq Airan-ға жазылуды ұмытпаңыздар!
https://youtu.be/myV2kxBNVf0

9 months ago | [YT] | 275

Qazaq AIRAN

Бір-бірін балағаттаған әскери басшылар министрліктің «жаңа әдістемесін» тәжірибеден өткізіп жатыр ма? Халықты боқтап, елді шулатқан әкім қалай айыппұлмен құтылды? Қызметінен кеткен бас имамның азаншыны тіленшіге айналдырғаны рас па? Назарбаевтың банкрот болғанына сенбейтін депутаттар прокуратураға қандай дәлел ұсына алады? Мәжілісмен Ерлан Саиров жол полициясының жұмысын қоса атқаруы мүмкін бе? Көлсайдың суын «былғаған» шетелдікті ұлттық парк әкімшілігі ақтап алды ма? Маңғыстауда мерт болған сарбаздың қазасына қатысты қандай шындықтар шықты? Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады.
https://youtu.be/1Epnl435v8A

9 months ago | [YT] | 140

Qazaq AIRAN

«Баласы билет сатты» деген айып Нұрлан Еспановтың күлкісін «тежей» ала ма? Депутаттар көтерген құйын Назарбаевтың басына қара бұлт болып қонуы мүмкін бе? Путиннің Маңғыстауда екі жасар қызы бар екені рас па? Сот шешім шығарды, Рүстем Жүгінісов айыбын қалай өтемек? Алматы облысының Жамбыл ауданында екі АЭС салынады, себебі неде? «Үйінді астында қалмайық» деген қауіп тұрғындарды үйінен шығарды, Қазығұрттағы жаңа үйдің не «кереметі» бар? Қырғызстанда өлім жазасы күшіне енуі мүмкін, бұл жаза түрі Қазақстанға да қайта оралса, ауыр жаза кімдерге лайық? Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады.
https://youtu.be/xtpjOv8XR5Q

9 months ago | [YT] | 395

Qazaq AIRAN

Ринат Заитов Назарбаевтардың әулетін әшкерелеуге кірісті ме? Нұрбол Назарбаевтың жасырған қандай активтері болуы мүмкін? Алтын орда базары Болат Назарбаев ұлына тиесілі ме? Қазақстан Зеленский мен Путиннің кездесу орны болуы мүмкін бе? Зеленский мен Тоқаев қандай тақырыптарда сөйлесті? Емшілер хайп қуа бастады ма? Көп білмейтін ем-дом шаралары неге жарыққа шыға бастады? Әскерде жүріп опат болған сарбаздар неге көбейді? Әлімжеттік әскердің түбіне жетуі мүмкін бе? Ардақ Назаров қос дипломды қалай алған? Университетке бармай диплом алуға бола ма? Қайрат пен Реал Мадрид ойынына алыпсатарлар билетті қанша теңгеден саудалауда? Билет алмағандар неліктен өкінді?
https://youtu.be/ZzNpsHl4C58

9 months ago | [YT] | 384

Qazaq AIRAN

«Әйелдің көбі жақсы» деген имам әлеуметтік желіні қалай ойран жасады? Еділ Жаңбыршин Мәжілістің регламентін әлемге үлгі тұтқысы келді ме? Семейдегі орыс ағайындар Ресейден келін алғанда, Берік Уәли қалай қуанды? Шерзат Болаттың атына Талғардан көше берілетіні рас па, Шекеев не дейді? Астана орталығындағы «шошқа қорада» қандай адамдар тұрып жатыр? Алматыны сарсаңға салған жаңбыр әкімдіктің астынан су шығара ма? Үлкен Алматы каналының ұрланған гранитін сайдалауға Дархан Сатыбалдының қатысы бар ма? Астана ауруханасынан неге шу шықты, тамаққа құрт қайдан түскен? Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады.
https://youtu.be/AvlT-RZ_tcA

9 months ago | [YT] | 252